KZ
21 маусым 2025, 15:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.07.2022 10:00 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007995 (KFUSb36) 10,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 08.07.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ (Алматы KZ2C00007995 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb36) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.

----------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты:                       купондық облигациялар  
ISIN:                                          KZ2C00007995           
KASE сауда-саттық коды:                        KFUSb36                
Номиналдық құны, теңге:                        1 000,00               
Шығарылым көлемі, млн теңге:                                          
– тіркелген:                                   30 000 000 000         
– орналастырылған:                             20 000 000 000         
Айналыстың басталу күні:                       17.06.22               
Айналыстың соңғы күні                          16.06.23               
Өтеудің алғашқы күні                           17.06.23               
Айналыста болу мерзімі:                        360 күн                
Купон мөлшерлемесі                             жылдық 9,50 %          
Купонды төлеу мерзімділігі                     айналыс мерзімінің     
                                               соңында 1 рет          
Купонды төлеуді бастау күні                    17.06.23               
Уақыттық базасы:                               30 / 360               
---------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні:                             08.07.22               
Өтеуге дейінгі мерзімі:                        339 күн                
Жарияланған орналастыру көлемі                 10 000 000 000         
Лот көлемі, дана                               1                      
Сауда-саттық заты:                             "таза" бағасы          
Сатып алуға өтінім түрлері:                    шектелімді             
Өтінім беру тәсілі:                            жабық                  
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                   10:30–11:30            
Өтінімдерді растау уақыты:                     10:30–11:30            
Кесім уақыты:                                  12:00 (Т+0)            
Төлем уақыты:                                  08.07.22, 12:00        
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:                    бағалары кесімдеу      
                                               бағасына тең немесе    
                                               төмен өтінімдер        
                                               кесімделеді            
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді    шектелімді бағасына тең
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:             немесе сатушы үшін     
                                               ұтымдырақ болатын      
                                               шектелімді қарсылама   
                                               өтінімдердің бағалары  
                                               бойынша                
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қайшылама өтінімдерді  
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:              қабылдау уақыты        
                                               бойынша                
Сауда-саттық бастамашысы                       "Фридом Финанс" АҚ     
----------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс.

Мәміленің көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс.

KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша танысуға болады.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2022-07-08]