KZ
23 маусым 2025, 20:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.01.2015 18:03 #Корпоративтік уақиғалар

2015 жылдың 30 қаңтарында "ОРда кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады

/KASE, 15.01.15/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент, бұдан әрі – компания), 2015 жылдың 30 қаңтарында сағат 11:00-де компания қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады.

Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:

  • Компанияның Қадағалау кеңесінің құрамын өзгерту және бекіту;
  • Компания Басқармасы құрамын бекіту және өзгерту.

Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден бастап жүргізіледі.

Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2015 жылдың 31 қаңтарында сағат 10:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.

Қатысушыларға аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша танысуына болады.

[2015-01-15]