KZ
8 қараша 2025, 15:19
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.04.2013 17:28 #Сауда-саттық ақпараты

19 сәуір күні биржада өткен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KMGZb4) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланды

/KASE, 19.04.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда -саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb4; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 09.11.10 – 09.11.17; 30/360) дисконттық облигацияларымен сауда- саттықтар өткізілді.

Сауда-саттыққа сатушы ретінде "Темірбанк" АҚ (Алматы) қатысады.

Орналастырудың жарияланған көлемі 20 000 000 KZ2C0Y04D904 облигация (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 13,3 %).

Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0.

Сауда-саттыққа KASE бес мүшесі қатысты, олар 4 116 500 облигацияны сатып алуға 9 өтінім берді. Өтінім де аяқталу кезінде 7 өтінімі белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан 2,1 % есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 72,0000 % (8,54 %жылдық) 74,2500 % (жылдық 7,61 %) дейін құрады. Орташа сараланған мәні 73,7332 % (7,82 % жылдық) құрады.

Белсенді өтінімдер банктің үлесіне - 69,7 %, брокерлік-дилерлік компаниялар - 1,2 %, брокерлік-дилерлік компаниялар– 29,1 % құрады.

Берілген өтінімдердің жиынтық ведомостын көрген соң, бағаға қанағаттанбағандықтан, сатып алушы оларды қанағаттандырудан бас тартты.

[2013-04-19]