KZ
25 маусым 2025, 10:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.11.2011 11:04 #Эмитенттердің жаңалықтары

2011 жылдың 29 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі

/KASE, 25.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2011 жылдың 29 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:

  • компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер енгізу туралы;
  • жаңа редакциядағы компания жарғысын бекіту туралы;
  • компания акцонерлерінің жалпы жиналысы туралы қағидаға өзгертулер енгізу туралы;
  • компанияның Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту туралы;
  • компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлеу саясатын бекіту туралы.

Аталмыш жиналыс: Астана қ., Абай д-лы, 31, мәжіліс залы – мекен-жайы бойынша өткізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 29 қарашасындағы жағдайы бойынша құрастырылады.

Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы сол уақытта, жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 13 қаңтарында өткізіледі.

Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтарды материалдарымен, жиналыс өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Астана қ., Абай д-лы, 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.

[2011-11-25]