Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды
/KASE, 19.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 дана, артықшылықты KZ1P40310115 акциялар саны – 3 000 000 дана;
- банктің 13 637 563 жай акциясы және банктің 2 619 626 артықшылықты акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұк- Қазына" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 9 137 195 жай акциялары (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 56,20 % немесе орналастырылған банктің жай акцияларының 67,00 %) бар.