/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша 2026 жылдың 22 сәуірінде KASE Индексінің мәні 78,35 тармаққа (0,98%) 7 972,88 тармақтан 7 894,53 тармаққа дейін төмендеді. Осы күні жасалған бірінші мәміле индексті 7 973,00 тіркеді. Сауда-саттық барысында индекстің максималды мәні 7 980,98, ал минималдысы 7 883,27 құрады. KASE Индексінің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен 22 сәуірде жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 9,0% төмендеді, 3 604,3 млн теңгені (7 755,6 мың USD) құрады. Сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE Индексінің есептік базисінің динамикасы ------------------------------------------------------------------ Жабылу бағасы, Акцияның сауда бір акцияға теңгемен Бағаның Индекске саттық коды ---------------------- өзгеруі, % "ықпал ету" 22.04.2026 21.04.2026 ------------------------------------------------------------------ AIRA 670,00 679,49 -1,4 4,5 CCBN 4 483,19 4 485,00 -0,04 13,9 HSBK 412,68 413,50 -0,2 15,1 KCEL 3 210,00 3 275,00 -2,0 9,9 KEGC 1 461,00 1 458,97 +0,1 2,7 KMGZ 30 275,00 30 444,00 -0,6 18,5 KSPI 40 796,96 41 838,90 -2,5 15,0 KZAP 40 988,99 41 605,00 -1,5 14,4 KZTK 43 330,01 43 400,01 -0,2 4,0 KZTO 1 163,00 1 165,00 -0,2 2,0 ------------------------------------------------------------------ * Акцияның жабылу бағасы бір рет сауда-саттық аяқталар сәтте анықталады және ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағидаға сәйкес аталмыш акциялар бойынша жабылу аукционында қалыптасқан баға ретінде анықталады. Егер аукцион барысында жабылу бағасы анықталмаса, немесе егер ондай аукцион өткізілмесе, онда жабылу бағасы ретінде соңғы мәміленің бағасы қолданылады. KASE Индексінің өзгеруі ------------------------------------------------------------------ Өзгеру: --------------------- Кезең %-бен жылдық %-бен* ------------------------------------------------------------------ Соңғы айда +1,6 +17,2 Үстіміздегі жылдың басынан (01.01.26) бастап +12,3 +40,0 Соңғы 365 күнде (жылда) +42,4 +42,4 2025 жылда +26,1 +26,1 2024 жылда +33,2 +32,9 ------------------------------------------------------------------ * Кірістілік actual/365 базисі бойынша есептелінген. Белгілі бір күнге KASE Индексінің мәні ретінде, осы күні биржада тіркелген аталмыш индекстің соңғы мәні қолданылады. KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін көрсететінін еске саламыз. KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаудағы акциялармен мәміле жасалуына қарай, сауда-саттық күні бойы есептеледі. Сауда-саттық күні бойы параметрлері KASE Индексінің мәнін есептеуге қажетті мәмілелер жасалмаса, осы есептеуді жүзеге асыру мақсатында, соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері пайдаланылады. KASE интернет-сайтындағы KASE Индексі көрсетілген беті толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған. Қор нарығының индикаторларын есептеу Әдістемесінің мәтіні толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған. Эмитенттердің атаулары көрсетілген, акциялардың толық сауда-саттық кодтары толығырақ мекен-жайы бойынша берілген. [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы «ForteBank» АҚ 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың қаржылық нәтижелерін талқылауға арналған инвесторлық қоңырауға қатысуға шақырады. Банк өзінің қаржылық есебін 2026 жылғы 23 сәуірде, Астана уақытымен сағат 16:00-де/ Лондон уақытымен сағат 12:00-де жариялайды. Қаржылық есепті толығырақ сілтемесі арқылы көруге болады Қоңырау барысында Банктің жоғары басшы өкілдері қаржылық және операциялық көрсеткіштерді таныстырып, соңғы маңызды оқиғалар туралы ақпарат береді, сондай-ақ сұрақтарға жауап беруге дайын. Күні: Бейсенбі, 2026 жылғы 23 сәуір Уақыты: Астана уақыты 18:00 / Лондон уақыты 14:00 Форматы: Конференц-колл (Zoom) дәйексөздің соңы Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап KZ2P00007420 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFNKb1) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталған акциялармен сауда-саттық Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің аталған облигациялар проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны туралы компанияның хабарламасы негізінде қайта басталды. Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2026 жылдың 30 наурызынан бастап тоқтатылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2026 жылдың 27 наурызындағы "30 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "НИЕТ Кредит" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007420 (MFNKb1) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратын болады " тақырыбындағы жаңалығы жарияланған – толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) сообщило следующее: дәйексөздің басы "Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылдың 31 наурызында аяқталған бірінші тоқсан нәтижелерін сейсенбі, 2026 жылдың 5 мамырында жариялайды. Басшылық нәтижелер жарияланған күні, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де тікелей эфир (вебкаст) және сұрақ-жауап сессиясын өткізеді. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-де шетел валюталары нарығының мынадай құралдарымен сауда-саттық жабылды. Спот нарығының құралдары -------------------------------------------------------------------------------- Қаржы Орташа сар. Тренд, Көлемі, Тренд, Үздік Үздік құралы бағамы, KZT KZT мың бірл. мың бірл. сұраным ұсыным -------------------------------------------------------------------------------- AEDKZT_TOM - - - - 126,2800 125,3900 CNYKZT_TOM 67,7767 -0,3768 319 321,14 -152,45 68,0800 67,4850 EURCNY_TOM - - - - 8,0165 8,0439 EURKZT_TOM 542,38 -4,50 2 007,21 -322,05 545,44 540,79 EURUSD_TOM 1,1737 -0,0041 20,00 -480,00 1,1758 1,1732 RUBKZT_TOM 6,1567 -0,0531 5 213 862,72 -780 149,83 6,2078 6,1160 USDAED_TOM - - - - 3,6728 3,6734 USDCNY_TOM 6,8236 +0,0082 2 490,00 -12 553,00 6,8300 6,8228 USDKZT_TOM 461,92 -2,68 364 068,03 -59 186,01 464,89 460,00 AEDKZT_SPT - - - - 126,2600 125,4900 CNYKZT_SPT - - - - 67,9719 67,5202 EURCNY_SPT - - - - - - EURKZT_SPT - - - - - - EURUSD_SPT 1,1742 -0,0019 418,31 -811,09 1,1759 1,1732 RUBKZT_SPT 6,1790 -0,0169 24 000,00 -699 993,51 6,1963 6,1259 USDAED_SPT - - - - 3,6729 3,6733 USDCNY_SPT - - - - 6,8273 6,8233 USDKZT_SPT - - - - - - -------------------------------------------------------------------------------- Своп нарығының құралдары -------------------------------------------------------------------- Қаржы Орташа сараланған баға, Көлемі, Үздік Үздік құралы валюта бірлігі мың бірл. сұраным ұсыным -------------------------------------------------------------------- AEDKZT_1_001 - - - - CNYKZT_1_001 +0,02614 1 000,00 0,02614 0,02614 EURKZT_1_001 - - - - EURUSD_1_001 +0,00002 200,00 0,00002 0,00002 RUBKZT_1_001 -0,00040 71 850,00 -0,00034 -0,00051 USDAED_1_001 - - - - USDKZT_1_001 - - - - USDKZT_1_01W - - - - USDKZT_1_01M - - - - USDKZT_1_03M - - - - USDKZT_1_06M - - - - USDKZT_1_01Y - - - - -------------------------------------------------------------------- Трендтер бірінші кестеде алдыңғы сауда-саттық күнінің тиісті мәндеріне қатысты көрсетілген. Егер алдыңғы сауда-саттық күнінде қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе онымен сауда-саттық жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді. Сауда-саттыққа қатысушылар саны – 33. Сауда-саттық және бақылау мен қамтамасыз ету жүйесінің регламенті толығырақ мекен-жайында орналасқан. [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС (KASE тикері – TTLS) KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – "TRANZIT TRANS LOGISTICS" ЖШС (KASE тикері – TTLS) 2026 жылдың 16 сәуірінен бастап "TRC LOGISTICS" ЖШС-нің 31,65 % үлесіне ие болды. Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 23 сәуірінен бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017882 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb43; $100, $2,0 млн; 17.04.26 – 17.04.27; ай сайынғы купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015662 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSFb6; $100, 3 3,0 млн; 15.04.26 – 15.04.29; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысрылатыны хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ [2026-04-22]
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша State Street SPDR S&P 500 ETF Trust US78462F1030 ("KASE Global" секторы, SPY_KZ) ETF-тің KASE-де сауда- саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2026 жылдың 22 маусымынан бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2026-04-22]