Сауда-саттық ақпарат

KASE жаңадан бастаған бөлшек сауда инвесторлары үшін "Инвестициялаудың 5 қадамы"</b> атты вебинар өткізді

Бүгін KASE оқу бағдарламасының үйлестірушісі Шынар Елубаева жаңадан келген бөлшек сауда инвесторлары үшін «Инвестициялаудың 5 қадамы» атты онлайн вебинар өткізді.

Баяндамашы қатысушыларға инвестиция салудағы алғашқы жасайтын қадамдар, инвестор неден бастауы керек, қор нарығы, оның қатысушылары мен құралдары туралы нені білу керек, сонымен қатар брокерді таңдау және алаяқтардан қалай қорғану керек екені туралы айтып берді.

Сондай-ақ, KASE эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаментінің аға менеджері Ғаділбек Әкім 2023 жылдың 03 сәуірінде KASE 15-ші мерейтойлық "Биржалық симулятор" жобасын іске қосатынын хабарлады.

KASE бұл іс-шараларды балалар мен жастарға арналған қаржы саласындағы Халықаралық Даму Қоры – Child and Youth Finance International (CYFI) іске асыратын Global Money Week (GMW, Дүниежүзілік ақша апталығы) балалар мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі дүниежүзілік жыл сайынғы қозғалыс шеңберінде өткізеді.