Сауда-саттық ақпарат

"Корпоративтік басқарудағы ESG" вебинары

26 тамызда сағат 15:00-де KASE листингілік компаниялар үшін "Корпоративтік басқарудағы ESG" тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.

Сарапшылар ESG қағидаттарын қолдану тәжірибесі, ESG-мен байланысты корпоративтік тәуекелдер және корпоративтік Стратегияның негізі ретіндегі тұрақтылық туралы айтты.

Вебинар спикерлері:

- Ребекка Гаджен, Партнер, Hudson Sandler компаниясындағы Sustainability бағытының негізін қалаушы
Тақырыбы: "CSR-ден ESG-ге дейін: тұрақтылық неге корпоративті Стратегияның негізі болып табылады?"

- Игорь Ляшенко, "Қазақстан Халық банкі" АҚ Корпоративтік хатшысы
Тақырыбы: Банктегі ESG қағидаттарын пайдалану тәжірибесі

- Зарина Бакенова, Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджер, NCOC n.v.
Тақырыбы: Өндіру саласында ESG принциптерін қолдану тәжірибесі

- Ерлик Каражан, KEN SKy корпоративтік курс платформасының негізін қалаушы және GR курсының авторы, тұрақты даму бойынша халықаралық сарапшы
Тақырыбы: ESG-пен байланысты корпоративтік тәуекелдер

Вебинар барысында қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аударма жүзеге асырылды.