Сауда-саттық ақпарат

2022 жылдың қаңтар айындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE онлайн баспасөз брифингі

2022 жылы 14 ақпанда сағат 11:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) онлайн медиа-брифинг өткізеді, оның барысында 2022 жылғы қаңтардағы Қазақстандық биржалық нарықтың жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылды.

Іс-шара спикері – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

Онлайн-брифингке қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz электронды поштасы арқылы алдын ала тіркелуі қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM-ға сілтеме (шақыру) жіберіледі.

COVID-19 вирусының өршуіне байланысты туындаған карантин режимі жағдайында KASE іс-шаралары уақытша қашықтықтан форматқа көшірілгенін еске саламыз.