Сауда-саттық ақпарат

"Менің KASE-дегі портфелім" кешенді оқыту бағдарламасы

Қазақстан қор биржасы инвестиция салуға қызығушылық танытқандарды "Менің KASE-дегі портфелім" атты кешенді оқыту бағдарламасына шақырады. Бағдарлама барысында сарапшылар акцияларға, облигацияларға, ҮИҚ мен ETF-ке инвестициялау туралы, бағалы қағаздар нарығының негіздері туралы әңгімелеп, инвестициялық портфельді қалыптастыру үшін инвестициялық құралдарды қалай таңдау керектігін, сондай-ақ нақты уақыт тәртіптемесінде шот ашып, инвестициялауды қалай бастау керектігін практикалық мысалдармен көрсетеді.

Өтетін күндері: 2022 жылдың 21 сәуірінен 26 мамырына дейін.

Форматы: интерактивті тәртіптемеде 6 онлайн вебинар - аптасына бір рет 1.5 сағаттан.

Вебинар тақырыптары:
1 апта - Бағалы қағаздар нарығына кіріспе
2 апта - Акцияларды таңдау
3 апта - Облигацияларды таңдау
4 апта - Инвестициялық қорларды таңдау (ҮИҚ және ETF)
5 апта - Инвестициялық портфельді құру
6 апта - Алғашқы бағалы қағаздарды сатып аламыз

Барлық 6 вебинарға белсенді қатысқан тыңдаушыларға сертификат беріледі.

"Менің KASE-дегі портфелім" бағдарламасын Биржа брокерлік ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізіледі. Курс барлығына жарайды – жаңа мүмкіндіктер ашқысы келетін жаңадан бастаушыларға немесе жаңа деңгейге шығуға дайын алдыңғы қатарлы бөлшек инвесторларға арналған.

Оқыту тегін. Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту қажет.

Барлық сұрақтар бойынша customers@kase.kz мекен-жайына хабарласуларыңызды сұраймыз.