Сауда-саттық ақпарат

“Акцияларды таңдау” вебинары

2022 жылғы 28 сәуірде сағат 18:00-де KASE "акцияларды таңдау" вебинарын өткізді. Бұл "KASE-дегі менің портфелім" оқыту бағдарламасы шеңберіндегі екінші вебинар, оның мақсаты бөлшек инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Спикерлер:

- Сыдық Берік - Қызылорда қаласындағы “Фридом Финанс” АҚ филиалының аймақтық директоры. 2017 жылдан бастап "Freedom Finance" АҚ - да, банк саласында 12 жылдан астам жұмыс істейді, "Альфа Банк Қазақстан" АҚ-да соңғы лауазымы-директордың корпоративтік бизнес бойынша орынбасары. Қазіргі уақытта инвестициялау саласында өңірді дамытумен айналысады. Төрт жылдан астам уақыт инвестор болып табылады.

- Теміржанов Жұмабек Тұйғынбекович - "Jusan Invest" АҚ аналитикалық зерттеулер басқармасы директорының орынбасары. Қазақстан, Америка және Еуропаның Бағалы қағаздар нарығында қор талдаушысы ретінде 14 жылдық тәжірибесі бар, түрлі биржалық құралдарды техникалық талдауға, нарықтық өзара байланыстарды талдауға (нарықаралық талдау) және жаһандық нарықтық үрдістерді зерттеуге маманданған.

Вебинарда спикерлер акциялардың сипаттамалары, іргелі және техникалық талдау негізінде оларды таңдау, сондай-ақ инвесторларға IPO туралы не білу қажет екендігі туралы айтып берді.

Сұрақтар осы почтаға: customers@kase.kz