Сауда-саттық ақпарат

Қазақстан қор биржасында 2020 жылға және 2021 жылға жоспар бойынша онлайн баспасөз конференциясы

2021 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз конференциясын өткізді, онда KASE қызметінің негізгі қорытындылары және қазақстандық биржалық нарықтың 2020 жылғы жұмысы туралы статистикалық ақпарат, сондай-ақ 2021 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.

Іс-шара спикері KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген болды.

Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

KASE тұрақты түрде журналистермен кездесу өткізуі оның ақпараттық саясатының айқындылығы мен ашықтылығының бір бөлігі болып табылады.

COVID-19 вирусының өршуіне байланысты, карантин режимінде KASE іс-шаралары уақытша қашықтықтан өткізу форматына ауысқаны туралы ескертеміз.

Толық ақпарат баспасөз хабарламасында.