Сауда-саттық ақпарат

"Болашақ қалай құрылды" кітабының толықтырылған екінші басылымының электронды нұсқасы

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай KASE және қазақстандық қаржы нарығының тарихына арналған кітаптың екінші толықтырылған басылымын шығарды.

Кітаптың бірінші басылымы 2018 жылы KASE-нің 25 жылдығына орай шығарылды. Ол ұлттық валюта айналымға енгізілген сәттен бастап тарихи және экономикалық оқиғалар тұрғысынан Биржаның және бүкіл отандық қаржы нарығының қалыптасуы мен даму кезеңін қамтиды.

Жаңа басылым 2018-2021 жылдар аралығындағы кезеңде KASE және нарықтың дамуындағы маңызды оқиғалар туралы баяндалатын тараумен толықтырылды.

Бұл бетте сіз кітапты электронды түрде оқи аласыз.

Болашақтың құрылу тарихы Как создавалось будущее Building the Future
Скачать PDF Скачать PDF Скачать PDF


Кітапта 1993 жылдан бастап – KASE құрылған жылдан бастап Қазақстандық қаржы нарығы мен Биржаның тарихы сипатталған. Оны дайындау барысында KASE мұрағат материалдары, ашық көздер, сондай-ақ қаржы нарығының 100-ден астам кәсіби мамандарының естеліктері пайдаланылды.

Біз Биржаның біздің жобаға қатысу туралы өтінішіне жауап бергендердің барлығына ризамыз. Бұл KASE дамуының тарихи мәнмәтінін барынша толық және дәл жасауға, маңызды оқиғалардың ахуалын жеткізуге мүмкіндік берді.

Кітап оқырмандардың кең ауқымына бағытталған: қаржы нарығының кәсіпқойлары мен экономикалық ЖОО оқытушыларынан бастап – студенттерге, жаңа бастаған инвесторларға және Қазақстанның қаржы жүйесінің тарихына қызығушылық танытқандарға дейін.

Кітапты "Қазақстан" ұлттық брендинг агенттігі басып шығарды, ол мәтін жасауға, полиграфияның дизайнын әзірлеуге және оны іске асыруға белсенді қатысты.

KASE Биржа мүшелеріне – "Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ-на және "Фридом Финанс" АҚ-на кітаптың екінші толықтырылған басылымын шығаруға көрсеткен қолдауы үшін өз алғысын білдіреді.