Сауда-саттық ақпарат

"Қор нарығының негіздері" семинары (наурыз)

2021 жылдың 26 наурызында сағат 16:00-де KASE "Биржалық симулятор"білім беру жобасының қатысушыларына қор нарығының негіздері бойынша вебинар өткізді.

Іс-шара Global Money Week жаһандық жобасы аясында өтті – бұл жыл сайынғы кең ауқымды науқан, ол әлемнің 170-тен астам елінде өткізіледі және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Онлайн-семинар барысында KASE мамандары қор нарығының инфрақұрылымы, биржадағы листинг туралы толығырақ айтып, Биржадағы листинг және акциялар мен облигацияларды орналастырудың негізгі кезеңдері туралы ақпарат берді.

Семинар аясында студенттерге "Биржалық симулятор" жобасы туралы - қалай қатысуға болатындығы, жаңа енгізулер және т. б. туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.