Сауда-саттық ақпарат

2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы биржалық нарықтың қорытындысы бойынша KASE баспасөз конференциясы

2020 жылдың 14 шілдесінде (сейсенбі) сағат 12:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) онлайн баспасөз конференциясын өткізді, онда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан қор нарығының жұмыс қорытындылары, KASE қызметі және биржа жобаларын жүзеге асыру туралы ақпарат, сондай-ақ есепті кезеңдегі қор нарығының трендтері ұсынылды.

Іс-шара спикерлері – KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген және KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Толық ақпарат баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, COVID-19 вирусының таралуына байланысты карантин режимі жағдайында KASE іс-шаралары уақытша қашықтық форматқа көшірілді.