Сауда-саттық ақпарат

Тау-кен секторы компанияларымен онлайн кездесу

2020 жылғы 26 қазанда KASE "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ-мен бірлесіп тау-кен секторы компанияларының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді, онда KASE-де капитал тарту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Іс-шара шеңберінде "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ өкілдері қаржыландыруды тарту мәселелерін талқылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ZOOM алаңында өтті.