Сауда-саттық ақпарат

"Қор нарығында қалай сату керек" атты семинар

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 29 мамырында жеке инвесторлар үшін "Қор нарығында қалай сату керек" деген оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара спикерлері KASE қызметкерлері мен брокерлік компанияның өкілдері. Семинардың мақсаты – Қазақстан халқын отандық қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы білім деңгейін кеңейту болып табылады. Тыңдаушылар бірізді дәрістерге қатыса отырып, қор нарығының инфрақұрылымы туралы және оның негізгі элементтері туралы қосымша білім алуға мүмкіндіктері туды.

Оқыту бағдарламасы бағалы қағаздардың түрлері туралы нақты ақпарат алуға, бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарығы түсініктерін ашу, бағалы қағаздарға талдау жасау әдістерін қарастырады.