Сауда-саттық ақпарат

Семинар "Қор нарығында қалай сауда жасау керек" (желтоқсан)

2019 жылдың 05 желтоқсанында KASE жеке инвесторлар үшін "Қор нарығында қалай сату керек" деген оқытушы семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның отандық қор нарығы мен оның мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру.

Іс-шараға спикер ретінде KASE қызметкерлері мен "Фридом Финанс" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ брокерлік компанияларының өкілдері қатысты.

Биржа өкілдері қатысушыларын бірізді дәрістер сериясына қатыстыра отырып, қор нарығының инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтерімен таныстырды. Сондай-ақ спикерлер бағалы қағаздардың түрлері туралы әіңгімеледі, және бағалы қағаздар нарығының алғашқы және қайталама түрлері, бағалы қағаздарға талдау әдістемесі және басқа мәселелерді талдау жасады.

Семинар барысында тыңдаушыларға "Қаржылық дегустация" атты интерактивті ойынға қатысу мүмкіндігі берілді.