Сауда-саттық ақпарат

KASE дәстүрлі ай сайынғы баспасөз брифингін өткізді (қараша)

11 желтоқсанда KASE дәстүрлі ай сайынғы баспасөз брифингін өткізді. Онда 2019 жылдың қараша айындағы қазақстандық қор нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат берілді.

Іс-шара спикері - KASE Басқарма Төрайымының орынбасары Андрей Цалюк.

Ай сайынғы медиа-брифингтерді Биржа 2017 жылдың мамыр айынан бастап өткізе бастады, оның мақсаты ашық және айқын ақпараттық саясатты белсенділеу, биржалық нарықтағы трендтер мен KASE қызметі туралы көкейкесті ақпараттарды мақсатты аудиторияға жедел жеткізіп отыру, сондай-ақ Биржа мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру болып табылады

Медиа-брифингтер мына мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., "Almaty Towers" БО, Байзақов к-сі, 280 және Сәтбаев к-сі қиылысы (Солтүстік мұнара), 1-ші қабат, KASE баспасөз-рум.