Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (қазан)

2019 жылдың 01 қазанында сағат 17:00-де KASE Talks лекциясы белгілі экономист, банкир, "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасы Ғалым ХУСАИНОВПЕН өтті.

ЦентрКредит Банкі басшысының активінде МВА Swiss Business School дәрежесі және ACCA International Financiel Reporting дипломы бар. Еңбек мансабының әр жылдары Ғалым Хусаинов ірі өндірістік және қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқарды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

KASE Talks мақсаты - кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.

KASE Talks-тың міндеті - Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.

KASE Talks мекен-жайы: Алматы қаласы, "Almaty Towers" БО, Байзақов көшесі, 280 (Солтүстік мұнара), 1-ші қабат, KASE баспасөз-румы.