Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (қараша)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру мен дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2018 жылдың 08 қарашасында сағат 17:00-де KASE Talks қонағы Елена Бахмутова – Қазақстан қаржыгерлер бірлестігінің төрағасы, мемлекеттік қайраткер, "Парасат" және "Құрмет" орденінің иегері.

Елена Бахмутова өмір жолының әр кезеңінде түрлі мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, соның ішінде ҚР Қаржы Министрлігінде және "Самұрық-Қазына" АҚ жұмыс істеді. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымын атқарды, ҚР Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы болды, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ төрағасы, "МЖЗҚ" ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Казпочта" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

KASE Talks Елена Леонидовна 2000 жылдардың басындағы қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы, зейнетақы қорларының есебінен БҚН белсендендіру, сондай-ақ, нарықты дамытудың маңызды да қызықты сәттері туралы әңгімеледі.

KASE Talks мақсаты – кең аудиторияға республиканың қаржы нарығының қалыптасу шарттары мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпараттандыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі танымал ету, сонымен қатар KASE және тұтастай алғанда қор нарығы туралы ақпарат беру.

KASE Talks мекен-жайы: Алматы қаласы, "Almaty Towers" БО, Байзақов көшесі, 280 (Солтүстік мұнара), 1-ші қабат, KASE баспасөз-румы.