Сауда-саттық ақпарат

"KEGOC" АҚ арналған KASE эмитент күні

2018 жылдың 17 сәуірінде KASE "KEGOC" АҚ арналған "Эмитент күні" іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға "KEGOC" АҚ басшылығы мен акционерлері, "BCC INVEST" АҚ, "Астана-Инвест "инвестициялық үйі" АҚ, "Цесна Капитал" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Қазпочта" АҚ, "Tengri Bank" АҚ, "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ және Қазақстан ВТБ банкінің өкілдері қатысты.

"KEGOC" АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабеков 2017 жылға "KEGOC" АҚ операциялық және қаржы қызметі нәтижесі туралы, компанияның даму стартегиясы мен маңызды оқиғалары, инвестициялық жобалары туралы хабарлады. Сондай-ақ ол компанияның қаржылық жағдайына әсер ететін және 2017 жылға "KEGOC" АҚ құнын өзгерту динамикасына әсер ететін негізгі факторларды көрсетті.

Қазақстан қор биржасында "Эмитент күнін" өткізу мақсаты – эмитентке инвесторлар тарапынан қызығушылығын арттыру және эмитенттердің акционерлермен кері байланысын жақсарту болып табылады. Осындай іс-шаралар бағалы қағаздары өтімді болып табылатын, KASE барлық эмитенттері үшін тұрақты түрде өткізіледі.

Іс-шарадан суреттер (Facebook)