Сауда-саттық ақпарат

Workshop: "Жылдық есеп: коммуникацияның тиімді құралы"

Қазақстан қор биржасы (KASE) және RAEX рейтингілік агенттігі (Эксперт РА Казахстан) 2017 жылдың 08 желтоқсанында VII жылдық есептер конкурсының аясында WORKSHOP: "Жылдық есеп: коммуникацияның тиімді құралы" өткізді.

Өтетін орны: Алматы, co-working SmArt.Point.

Семинар қор биржасының эмитенттері үшін ашық және тегін болды.

Мақсатты аудитория: компанияның IR-мамандары, жылдық есепті даярлауға жауапты корпоративтік басқару саласындағы мамандар, компанияның тұрақты даму және өзге де қызметкерлері.

Семинар аясында талқыланған негізгі мәселелер:
- Жылдық есептер мен стандарттарға биржаның талаптары;
- Тұрақты даму туралы есебін даярлау;
- Жылдық есептің дизайны ақпараттың презентациясы құралы ретінде;
- Қазақстандық жылдық есепті даярлау кейстері (әрі қарай даму үшін негізгі табыстар мен мүмкіндіктер).