Сауда-саттық ақпарат

"Қор нарығының негіздері" атты семинар (желтоқсан)

2017 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы қаласында компанияның қаржы қызметкерлері мен заң бөлімшелері үшін семинар өткізді.

Семинар барлық қатысам деуші барлық тыңдаушыларға тегін жүргізілді.

Аталмыш Бағдарламаның мақсаты қазақстандық компаниялардың қызметкерлерінің отандық қор нарығы туралы хабардар болуын арттыру болып табылады. Оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қор нарығының негіздері туралы тәжірибелік білім алуға және компанияның қаржы ағымдарын басқаруға пайдалануға мүмкіндік береді.

Семинар Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111, конференц-залдың бірінші қабатында өтті. Қазақстанның басқа қалаларынан тыңдаушылар үшін бейне конференц байланыс арқылы қатысу бағдарламасы қарастырылды.

Презентациялар (орыс тілінде):
Қор нарығы - қаржыны қарапайым әрі тиімді басқаруa>;
KASE – тек сауда-саттық алаңы емес;
Биржалық статистика – цифрлар мен трендтер;
Қор нарығында инвестициялау;
Freedom finance. Акция сенімді қаржы;
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері;
Биржадағы листинг - start-up-тан blue chips-ке дейін.