Сауда-саттық ақпарат

2017 жылдың II тоқсанындағы "БАСТ" АҚ қызметіне арналған, KASE эмитент күні

2017 жылдың 10 тамызында KASE "БАСТ" АҚ қызметіне арналған эмитент күнін өткізді. "БАСТ" АҚ Бірінші вице-президенті Рустем Оспанов 2017 жылдың II тоқсанындағы компания қызметінің қаржылық және операциялық қызмет нәтижесі туралы атап өтті, сондай-ақ әрі қарай даму бойынша жоспарларына түсініктеме берді.

2017 жылдың шілде айында кен байыту фабрикасын кеңейту жұмыстары аяқталып, жылына 400 мың тонна руда өндірістік қуатымен флотациялық фабриканы пайдалану басталды.

Компания 2019 жылы құрылысы аяқталатын өндірістік қуатын ,4 млн. тонна рудаға дейін арттыруды бастауды жоспарлап отыр. Соынмен қатар, 2017 жылдың қыркүйек айында компанияның құнын арттыру мақсатында, JORC (Joint Ore Reserves Committee) қоры бойынша халықаралық есептілік стандарты талаптарына сәйкес қорын қайта есептеу жоспарлануда.

"Эмитент күнін" өткізудің мақсаты инвесторлар тарапынан мүддесін арттыру және акционерлермен кері байланыс орнату болып табылады.

Осындай шаралар тұрақты түрде қағаздары өтімді болып табылатын, KASE барлық эмитенттері үшін өткізіледі, сәйкесінше инвесторларда да мәселелер туындауы мүмкін.