Ұлттық Банк А.Ш. Бабаевты "Қазақстан қор биржасы" АҚ тәуелсіз
директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына мақұлдады
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тұсындағы үміткерлердің қаржы ұйымдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің,
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшылық лауазымдарына сәйкес келетінін анықтау
жөніндегі Комиссиясының 2015 жылдың 15 шілдесіндегі шешімімен Ариф Шавердиевич Бабаев "Қазақстан қор биржасы"
АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына мақұлданды.