KASE мүдделі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады
"Қазақстан қор биржасы" (одан әрі – KASE) "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk
Finance" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздардың ұйымдасқан нарығында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ облигацияларын сатып
алуға ұсынысты ұйымдастыру бойынша биржаға мүдделі мәміле болып табылатын, өтеусіз
қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлайды.
Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдау күні: 2013 жылдың 25 сәуірі
(Биржалық кеңестің 2013 жылдың 25 сәуіріндегі № 10 отырыс хаттамасы. Осы шешім KASE мен
Компания арасында 23 сәуірінен бастап туындаған қарым-қатынасқа қатысты қолданылады).
Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.
Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолданылмайды.
Мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық қатынасы осы акционерлік қоғамның
активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.
Негізгі мәміле шарттары:
– KASE мүшелерін алдағы уақытта облигацияларға жазылу жүргізілетіні туралы KASE интернет-
сайтында тиісті жаңалықты жариялай отырып, хабардар ету;
– биржаның KASE мүшелерінен облигацияларды сатып алуға өтініштерді қабылдауды
ұйымдастыруы;
– KASE мүшелерінен алынған өтініштердің тізбесін қалыптастыру;
– KASE мүшелерінен берілген өтініштерді қанағаттандыру қорытындысы туралы хабардар ету;
– биржаның облигацияларға жазылу туралы жалпы ақпаратты таратуы;
– қаржылық шарттары: биржаның аталмыш келісім-шарт бойынша комиссиялық алымы аталмыш
жазылым қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың қосынды номиналдық құнынан
0,025 % құрайды (кем дегенде 250 есе АЕК көлемінде және 5 000 есе АЕК көлемінен аспауы
тиіс); егер жазылым қорытындысы бойынша облигациялармен бірде бір мәміле жасалмаған
болса онда Компания облигацияларды орналастырудан бас тартады, немесе аталмыш келісім-
шарт дүлей күштердің әсерінен бұзылады, онда KASE комиссиялық алымы 50 есе АЕК
көлеміндегі соманы құрайды.
Мәміле жасасу күні: 2013 жылдың 23 сәуірі (№ 12 келісім-шарты).