KASE өз мүддесі бар мәміле жасасқаны туралы хабарлайды
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік 
қоғамымен (бұдан әрі – Банк), KASE мүддесі бар, банктік салым туралы келісім-шартын 
жасасқаны туралы хабарлайды.

Акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні: 2013 жылдың 
29 тамызы (Биржалық кеңестің 2013 жылдың 29 тамызындағы № 21 отырыс хаттамасы. Осы 
шешім KASE мен Банк арасында 05 тамызынан бастап туындаған қарым-қатынасқа қатысты 
қолданылады).

Мәміле заты болып табылатын мүліктің құны: 500 000 000 теңге.

Мәміле заты болып табылатын, мүліктің соңғы бағалауының датасы: қолданылмайды.

Мәміле заты болып табылатын, мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы 
құнына пайыздық арақатынасы: 10,04 %.

Мәміленің негізгі елеулі шарттары:
– банктік салымның сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 1,90 %;
– банктік салымның мерзімі: 46 күн;
– банктік салым туралы келісім-шарттың қолданыста болу мерзімі: 2013 жылдың 
  19 қыркүйегіне дейін.

Мәміленің жасалған күні: 2013 жылдың 05 тамызы.