KASE мүдделі мәміле жасауды көздеп отырғаны туралы хабарлады
"Қазақстан қор биржасы" (одан әрі – KASE) "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы "Halyk 
Finance" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының бағалы 
қағаздардың ұйымдасқан нарығында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларын сатып алуға 
ұсынысты ұйымдастыру бойынша биржаға мүдделі мәміле болып табылатын, өтеусіз қызмет 
көрсетуге келісім-шарт жасасқаны туралы хабарлайды.

Акционерлік қоғамның мәміле жасау туралы шешім қабылдау күні: 2013 жылдың 31 қаңтары 
(Биржалық кеңестің 2013 жылдың 31 қаңтарындағы № 2 отырыс хаттамасы).

Мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны: қолданылмайды.

Мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні: қолданылмайды.

Мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық қатынасы осы акционерлік қоғамның 
активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы: қолданылмайды.

Негізгі мәміле шарттары:
– KASE мүшелерін алдағы уақытта облигацияларға жазылу жүргізілетіні туралы KASE интернет-
  сайтында тиісті жаңалықты жариялай отырып, хабардар ету;
– биржаның KASE мүшелерінен облигацияларды сатып алуға өтініштерді қабылдауды
  ұйымдастыруы;
– KASE мүшелерінен алынған өтініштердің тізбесін қалыптастыру;
– KASE мүшелерінен берілген өтініштерді қанағаттандыру қорытындысы туралы хабардар ету;
– биржаның облигацияларға жазылу туралы жалпы ақпаратты таратуы;
– қаржылық шарттары: биржаның аталмыш келісім-шарт бойынша комиссиялық алымы аталмыш 
  жазылым қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың қосынды номиналдық құнынан 
  0,025 % құрайды (кем дегенде 250 есе АЕК көлемінде және 5 000 есе АЕК көлемінен аспауы 
  тиіс); егер жазылым қорытындысы бойынша облигациялармен бірде бір мәміле жасалмаған 
  жағдайда KASE комиссиялық алымы 50 есе АЕК көлеміндегі соманы құрайды.

Мәміле жасасу күні: 2013 жылдың 01 ақпаны.