Астана қаласының әкімдігі KZZJ00000128 (ASK024_012) облигацияларын орналастырып, 5,2 млрд теңге тартты

17.05.24 17:27
/KASE, 17.05.24/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000128 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK024_012) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл болатын 5 241 038 облигацияны орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 5,2 млрд теңге тартты. Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Бұған дейін KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында Астана қаласының жергілікті атқарушы органының KZZJ00000128 (ASK024_012) 5,2 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда- саттық өтеді" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/kz/news/show/1521470/ Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/gsecs/show/ASK024_012/ [2024-05-17]