"KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00008550 (MFKMb2) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.05.24 09:30
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 мамырынан бастап "KMF (КМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің (Алматы) KZ2P00008550 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFKMb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.05.23 – 16.05.24; жылдық купон, жылдық 20,00%; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2023 жылдың 03 мамырынан бастап негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 18 мамырынан бастап ашылды. [2024-05-16]