"First Heartland Jusan Invest" АҚ-ның жалғыз акционері 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

15.05.24 15:20
/KASE, 15.05.24/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған инвестициялық қорлардың басқарушы компаниясы болып табылатын "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) KASE-ге жалғыз акционерінің 2024 жылдың 10 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер қабылдаған шешімдердің қатарында: - компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту; - 2023 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Таза кірісті компанияның иелігінде қалдыру. Отырыста күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/FHJI/fhji_decision_sole_100524_379.pdf [2024-05-15]