06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында The Coca-Cola Company US1912161007 (KO_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

04.05.24 17:27
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 14 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, (KO_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 17 маусымынан бастап қайта басталады. [2024-05-05]