06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

04.05.24 17:20
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 13 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 13 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 15 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-05-04]