"KMF (ҚМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің KZ2P00011299 (MFKMb4) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

04.05.24 16:44
/KASE, 04.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 04 мамырында "KMF (ҚМФ)" микроқаржы ұйымы" ЖШС- нің (Алматы) KZ2P00011299 облигациялары (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) негізгі алаңнын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға MFKMb4 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-04]