"Қазақтелеком" АҚ акционерлері жылдық қаржылық есептілікті бекітті және 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

04.05.24 12:00
/KASE, 04.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2024 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту; - компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту: - 93 067 044 000 теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірісінің 24,79 %-ы 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге жұмсау; - қалған бөлігін компанияның иелігінде қалдыру; - 2023 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтердің мөлшері – бір акцияға 2 096,60 теңге мөлшерінде бекіту. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Аталған ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_results_300424_1048.pdf [2024-05-04]