04 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

03.05.24 17:26
/KASE, 03.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 маусымынан бастап қайта басталады. [2024-05-03]