04 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

03.05.24 17:15
/KASE, 03.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 04 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан бастап қайта басталады. [2024-05-03]