"KEGOC" АҚ акционерлері 2023 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

03.05.24 10:32
/KASE, 03.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2024 жылдың 02 мамырында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: - 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бұрын төленген 20 212 291 941,40 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді ескере отырып, 21 885 771 876,00 теңге дивидендтер төлеуге жіберілсін; - 1 298 325 182,60 теңге мөлшерінде қалған сома компанияның иелігінде даму мақсаттарына қалдырылсын. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_results_020524_3288.pdf [2024-05-03]