"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

25.04.24 17:26
/KASE, 25.04.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 917 610 000 дана; - компанияның 813 211 770 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ" ҰЛТТЫҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады. [2024-04-25]