"First Heartland Jusan Bank" АҚ " Батыс транзит " АҚ KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигациялары бойынша 18-ші купонның төленгені туралы хабарлады

25.04.24 16:21
/KASE, 25.04.24/ – "Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTTRb1) (Алматы, бұдан әрі дәйексөзде – Эмитент), инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) Қазақстандық қор биржасына (KASE) былай деп хабарлады: ... 2024 жылдың 16 сәуірінде Эмитент KZ000A0T88N8 ҰСН облигацияларының барлық ұстаушыларына 18 купондық кезең үшін облигациялар бойынша 1 323 876 823,50 тенге мөлшерінде купондық сыйақы төледі. [2024-04-25]