26 сәуірден БАСТАП KASE-де "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00011117 (ORBSb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады.

25.04.24 14:34
/KASE, 25.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 26 сәуірінен бастап "Оrbis Leasing" ЖШС" (Алматы) KZ2P00011117 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, ORBSb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 24.04.24-24.04.25; ай сайынғы купон, жылдық 20,50 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-cfnns0 жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/ORBSb2/ [2024-04-25]