25 сәуірден бастап "Home Credit Bank" АҚ KZ2C00011047 (HCBNb12) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

25.04.24 12:08
/KASE, 25.04.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 23 сәуірінде "Home Credit Bank" АҚ (Алматы) KZ2C00011047 (HCBNb12; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 360 күн; жартыжылдық купон; орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады 30/360) облигацияларының KASE ресми тізімінің негізгі алаңы "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 25 сәуірінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb12/ [2024-04-25]