27 мамырдан бастап "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС-нің KZ2P00010788 (MFTSb2) облигацияларымен сауда- саттық тоқтатылады

17.05.24 09:34
/KASE, 17.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 27 мамырынан бастап KASE-де "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС-нің (Абай облысы) KZ2P00010788 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFTSb2) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Аталған тоқтату 2024 жылдың 27 мамырында көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралатын аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты болды. [2024-05-17]