KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ KZ2C00011344 (AGKKpp2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

16.05.24 16:24
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2024 жылдың 16 мамырында "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ (Астана) KZ2C00011344 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге, 5 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға AGKKpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-16]