KASE Листингілік комиссиясы "Қайнар-АКБ" ЖШС-нің KZ2P00011315 (KAKBpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

16.05.24 16:16
/KASE, 16.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 16 мамырында "Қайнар-АКБ" ЖШС (Жетісу облысы) KZ2P00011315 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге, 5 жыл; тоқсандық купон, жылдық 28,50 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланады. Аталған облигацияларға KAKBpp1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланады. [2024-05-16]