16 мамырдан бастап "Капитал инвест "МҚҰ" ЖШС KZ2P00011166 (MFCIb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады

15.05.24 16:12
/KASE, 15.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 16 мамырынан бастап "Капитал инвест "МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011166 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFCIb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 13.05.24 – 13.05.27; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы- қазақстандық теңге. [2024-05-15]