KASE өзінің интернет-ресурсында сәуір айындағы Қазақстанның өңдеу салалары мен қызмет көрсету салаларының S&P Global PMI шолуларын жариялады

13.05.24 17:17
/KASE, 13.05.24/ – "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанның өңдеу салалары мен қызмет көрсету салаларының S&P Global PMI шолуларын ұсынды. Төменде S&P Global Market Intelligence экономикалық мәселелер жөніндегі директоры Эндрю Харкер мен S&P Global Market Intelligence экономисі Мариам Балучтың шолулары берілген. - Қазақстанның өңдеу салаларының индексі бойынша: "Сәуір айында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өсу режимінде қалып отыр. Су тасқыны өнеркәсіпті шектеді, бірақ өндіріс пен жаңа тапсырыстардың одан әрі өсуін тоқтатпады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда сатуды қолдау үшін бәсекеге қабілетті бағаларды белгілеу қажет болды. Болашақ өндіріс көлеміне қатысты оптимизм өндірушілерді жқмыскерлер штатын кеңейтуге және алдағы уақытта тапсырыстар ағынын болжай отырып, сатып алу белсенділігін арттыруға ынталандырды". - Қазақстанның қызмет көрсету саласының индексі бойынша: "Екінші тоқсанның басында қазақстандық қызмет көрсетушілерде көрсеткіштердің өсуі байқалады. Осылайша, жаңа тапсырыстардың ағыны және іскерлік белсенділіктің артуы сақталуда, бірақ олардың өсу қарқыны наурыз айымен салыстырғанда төмендеді. Баға белгілеу саласында инфляциялық қысым әлсіреді. Баға ауыртпалығының өсу қарқыны төмендеді. Бұл кейбір компанияларға клиенттерге бәсекеге қабілетті баға ұсынуға мүмкіндік берді. Дегенмен, сәуір айындағы деректер компаниялардың қызметкерлерді ұстау кезіндегі қиындықтарын да көрсетеді. Көптеген қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты, бұл жұмыспен қамту индексінің төмендеуінің негізгі факторы болды. Қорытындылай келе, қазақстандық қызмет көрсетушілер таяудағы жылға арналған іскерлік белсенділіктің перспективаларын жалпы жақсы деп бағалайды. Алайда, олардың сенімділігі соңғы 11 айдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеді". Шолулар KASE интернет-ресурсында жарияланды: - https://kase.kz/ru/pmi-indicator/ – орыс тілінде; - https://kase.kz/en/pmi-indicator/ – ағылшын тілінде. [2024-05-13]