"First Heartland Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

10.05.24 11:52
/KASE, 10.05.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) акционерлердің жалпы жиналысының 2024 жылдың 06 мамырындағы шешімімен Банктің Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - С.Е. Жамалов шығарылды; - С.Ш. Джарболова сайланды. Енгізілген өзгерістің нәтижесінде "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның Директорлар кеңесі төрт адамнан құрылды: Г.Ш. Есенов, Ж.К. Азбеков, К.Б. Кожахметов, С.Ш. Джарболова. Ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_board_changes_060524_13811.pdf [2024-05-10]