/KASE, 30.04.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 26 сәуірінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006)
орналастыру арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2024 жылдың
30 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 20 655 343 835,1 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 26 сәуір күні Қазақстан қор биржасында
21,3 млн МЕУКАМ-108 13-ші шығарылымын (KZKD00000535, MUM180_0006) өтеуге
кірістілігі жылдық 12,11 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1520324/
[2024-04-30]